![]()

Құрметті отандастар, қадірлі зерттеушілер және архив ісінің жанашырлары!
Мен сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының жеке блогында көргеніме қуаныштымын. Бұл парақша – ұлттық тарихымызға бейжай қарамайтын әрбір азаматпен тікелей байланыс орнатуға және ашық диалог құруға арналған маңызды алаң.
Архив – бұл жай ғана шаң басқан қағаздар қоймасы емес. Архив – ол ұлттың тарихи жады, мемлекеттілігіміздің алтын діңгегі және келер ұрпаққа қалдырар баға жетпес аманатымыз.
Бұл блогта біз мынадай маңызды тақырыптарды талқылайтын боламыз:
- Архивтің тыныс-тіршілігі: Ұлттық архив қорындағы бірегей құжаттар мен тарихи жәдігерлер туралы қызықты мәліметтер;
- Цифрландыру және заманауи қызметтер: Архив қорларын электронды форматқа көшіру процесі және зерттеушілер мен азаматтарға арналған қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктері;
- Жаңа жобалар мен жаңалықтар: Көрмелер, халықаралық ынтымақтастық, жаңадан табылған құжаттар және ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Бүгінгі таңда Ұлттық архив заманауи талаптарға сай қарқынды жаңғырып келеді. Біздің басты мақсатымыз – архивтік ақпаратты халыққа барынша қолжетімді әрі ашық ету. Бұл ретте сіздердің пікірлеріңіз, ұсыныс-тілектеріңіз бен сауалдарыңыз біз үшін өте маңызды.
Егер сізде архивтің жұмысына, құжаттарды іздестіруге немесе тарихи деректерге қатысты сұрақтар болса, осы блог арқылы маған тікелей жолдай аласыздар. Әрбір сауал назардан тыс қалмайды.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры
Нұрланова Сағила Есімсейітқызы
